EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын 17 мемлекет ресми түрде растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын 17 мемлекет ресми түрде растады

14.02.2015
EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын 17 мемлекет ресми түрде растады

EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы елдерді тарту бойынша келіссөздер жүргізу жалғасуда.

Мемлекет басшысы атынан дипломатиялық арналар арқылы 140-тан астам ел мен 12 халықаралық ұйымға көрмеге  қатысу туралы шақырту жіберілді.

Келіссөздер барысында қазірге дейін  17 мемлекет (Әзірбайжан, Ангола, Армения, Беларусь, Германия, Грузия, Үндістан, Қырғыз Республикасы, Монако, Ресей, Сенегал, Сент-Китс және Невис, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Израиль, Түркия)  және 3 халықаралық ұйым (АТМЭӘК, ЭЫДҰ және БҰӨДҰ) Астанадағы көрмеге қатысатынын ресми түрде растады.

Алдағы уақытта EXPO-2017 комиссары - Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың 80 елдің шараға қатысатынын растау бойынша Еуропа, Америка және Азия елдеріне сапары жоспарланған.

Халықаралық қатысушыларды тартумен қатар, EXPO-2017 көрмесін халықаралық алаңдарда ілгерілету бойынша жұмыстар жалғасады.

Хабарламаларға жазылу