Бүгін құрылыс индустриясы саласындағы 30-ға тарта павлодарлық кәсіпорын өнімдерін көрмеге шығарды.
Инфрақұрылымы дамыған мықты өнеркәсіп орталығы саналатын Павлодар облысында құрылысқа қажетті сапалы өнімнің түр-түрі шығарылады.
Елордаға жақын орналасқандықтан, тасымал құны да арзанға түседі.
Осыны ескере келе көрме нысандарын салатын бас мердігер компаниялар 7 кәсіпорынмен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Болат АМАНБАЕВ