«Expo Milano 2015» көрмесінде Қазақстаннан бас комиссар тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Expo Milano 2015» көрмесінде Қазақстаннан бас комиссар тағайындалды

03.12.2014
«Expo Milano 2015» көрмесінде Қазақстаннан бас комиссар тағайындалды

«Expo Milano 2015» әлемдік көрмеде Әнуарбек Мусин Қазақстаннан Бас комиссар болып тағайындалды.

Бұған дейін ол «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының Транспорт және логистика департаментінің директоры қызметін атқарған.

Айта кету керек, Дүниежүзілік EXPO-2015 көрмесі 1 мамыр мен 31 қазан аралығында Милан қаласында өтеді.

Көрме тақыры - «Планета үшін тағам, өмір сүруге қуат».

Сондай-ақ, семинарда өнімдердің сапасын арттыру, өнім қауіпсіздігі, адамдардың барлығына жоғары сапалы тамақтану сынды тақырыптар талқыланады. 

Хабарламаларға жазылу