«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы 1 желтоқсаннан бастап, #expowinter2014 үздік креативті суреттер фотобайқауын жариялайды.
Байқауға қатысу үш талапты орындау қажет:
- Қыс бейнесін суретке түсіру;
- Кадрда EXPO-2017 логотипі болуы тиіс;
- Суретті #expowinter2014 хэштегі арқылы Instagram-ға жүктеу керек.
Үміткер EXPO-2017 логотипін қарға, мұзға және тағы басқа қолөнер бұйымдарына бейнелеуі тиіс. Ең бастысы – өз қолымен жасаса болғаны. Ал, графикалық редактор арқылы логотипті қосуға тыйым салынған.
Байқау 1-10 желтоқсан аралығында өтеді. Жеңімпаз 11 желтоқсанда белгілі болады.