Озық техникалар мен заманауи технологияны меңгерген өнертапқыштардың туындылары 15-қарашадан бастап, көрмеге қойылады.
Бес күнге созылатын шараға республика бойынша 20-дан астам ғалым мен студент қатыспақ.
«Басты мақсат - еліміздің ғалымдары мен өнертапқыштарының туындыларын халыққа кеңінен таныстыру», дейді ұйымдастырушылар.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ