Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Қарағандыда өткен көшпелі брифингінде Халықаралық көрме нысандары құрылысы бойынша бас мердігер, «BI-group Construction» жобасының жетекшісі Ибрагим Жекеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз қазақстандық компания ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрмеге әзірлік барысында және оны өткізуге – EXPO-ға отандық бизнесті белсенді тарту жөнінде айтқан сөзін зор сезіммен қабылдадық.
EXPO-2017 экономиканың барлық секторын дамытуға, сондай-ақ елдің әлеуметтік саласына да зор серпін береді», - деді ол.