Астанада республикалық ақпарат құралдарының «МEDIA EXPO-2014» көрмесі өтті. Шараға еліміздің 30-ға тарта бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Осы жылы үшінші мәрте өткен көрме «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылды.
Мақсат - отандық ақпараттық құралдар арасындағы бәсекелестікті дамыту мен телевизия және газет өнімдерін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік туғызу.
БАҚ өкілдерінен бөлек, шараға жарнама агенттіктері де шақырылды. Бұл бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өзара келісім арқылы өнімдерін жарнамалауға мүмкіндік береді.
Айдана ҮСЕНБАЙ