EXPO-2017 көрмесі қарсаңында Астанада волонтерлік орталықтар ашылады. Олар халықаралық көрме қонақтарына Астана мен оның тұрғындары, мәдениеті туралы айтып, қаланың көрікті жерлерін аралауға көмектеседі.
Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Туризм департаментінің директоры Аниса Бердина мәлімдеді.
«Елордаға келген қонақтар мен туристерге қолайлы жағдай жасау үшін ерікті волонтерлік орталықтар ашылады. Оған EXPO-2017 туристеріне көмектесетін 3 мыңға жуық адам тартылмақ», - деді А.Бердина көрмеге қатысушы елдердің бірінші кездесуінде.
Оның айтуынша, туристер үшін Қазақстанның тарихи және табиғи ескерткіштеріне арнайы турлар ұйымдастырылмақ. Осының барлығы EXPO билетінің бағасымен бірге арнайы турпакетке кіретін болады.
Астанада өтетін көрмеге 1,5 миллионға жуық шетел азаматы келеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.