Елбасы Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталесті қабылдады.
Кездесуде EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық барысы талқыланды. Висенте Лоссерталес көрме жобалары сәтті жүзеге асырылып жатқанын айтады.
EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысушылардың бірінші жиналысы бүгінге жоспарланып отыр.
Оған әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 140 өкіл қатысады.
Жайнагүл ТӨЛЕМІС