«EXPO-2017» көрмесіне дайындық қызу. Отандық ғалымдар переспективті ғылыми жобалармен жұмыс істеп, зерттеу жүргізуде. Тек «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі 25 инновациялық жоба дайындауда.
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова осы жобалармен танысты, олардың ерекшелігіне көз жеткізді. Көрмеде жаңғырмалы және балама энергетика, энергия үнемдеу, сондай-ақ, голография саласында мультимедияны тарту арқылы макеттер, қолданыстағы қондырғылар ұсынылды. Қазірдің өзінде мақтанарлық, мақтауға тұрарлық жетістік бар.
Индира БЕГАЙДАР