Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Ресейде жүр.
Сапар барысында көрші ел туристерін көрмеге көптеп тартудың жолдары талқыланды.
Кездесу соңында «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы мен Ресейдің туроператорлар қауымдастығы өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ