Семейде «жасыл» технологияларды қолдану бойынша семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «жасыл» технологияларды қолдану бойынша семинар өтті

06.09.2014
Семейде  «жасыл» технологияларды қолдану бойынша семинар өтті

Семей қаласында Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінде «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері мен қалалық жастар қоғамдық бірлестіктерінің белсенділері үшін «Жасыл ел – ЭКСПО-2017 шарасына қосар үлесіміз» деп аталатын семинар өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Семинар «жасыл» технологияларды қолдану мүмкіндіктері, қоршаған ортаны қорғау, Шығыс Қазақстан облысындағы жастардың көшбасшылық мүмкіндіктерін арттыру және жалпы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Хабарламаларға жазылу