Қазақстанның «жасыл» экономика туралы бастамасы - өзге елдерге үлгі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның «жасыл» экономика туралы бастамасы - өзге елдерге үлгі

23.07.2014
Қазақстанның «жасыл» экономика туралы бастамасы - өзге елдерге үлгі

Африка құрлығындағы бірқатар ел Қазақстанның «жасыл» экономика жөніндегі тың бастамаларына ерекше қызығушылық танытуда

Бүгін Астанада  «Орталық және Батыс Африка аймағындағы болашақ энергиясы» атты халықаралық семинар басталды.

Африкалық мамандар «EXPO-2017 көрмесі тек Қазақстанның емес, қатысушы бүкіл елдің энергетика саласын дамытуға ықпал етеді», деген пікірде.

Жиында оларға көрме кешенінің құрылысы таныстырылды. Қазақстаннның болашақ энергиясына қадам басудағы өзекті мәселелері сөз болды.

2017 жылғы халықаралық көрмеде  бұл ел өзінің мұнай өндірудегі тиімді тәсілдері және жетістіктерімен бөліспек.

Ал, қазақстандық мамандармен  «жасыл» экономика тақырыбында тәжірибе алмасуға ниетті.

Имманго Эрман, Гавана делегациясының мүшесі:

2020 жылға дейін Қазақстан баламалы энергия көзінің үлесін 3 пайызға, ал, 2050 жылға қарай 30 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Біздің де 2025 жылға дейін дайындаған стратегиялық даму бағдарламамыз бар. Онда жаңартылған энергия көзін дамытуға ерекше басымдық бергенбіз. Сондықтан, сіздің елмен тығыз байланыс орнатсақ дейміз.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу