Apple, Google, Intel, Adobe қызметкерлеріне 415 миллион доллар өтемақы төлемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Apple, Google, Intel, Adobe қызметкерлеріне 415 миллион доллар өтемақы төлемек

16.01.2015
Apple, Google, Intel, Adobe қызметкерлеріне 415 миллион доллар өтемақы төлемек

Бұл келісім жазылған электронды хаттар қызметкерлердің қолына түсіпті.

Хатты көріп шошыған 64 мыңнан астам адам бірден «жақсы табыс табуға мүмкіндік беретін жаңа жұмыс орындарын іздеуге кедергі келтіріп, азаматтық құқығымызды таптады» деп сотқа шағымданған.

Сондықтан өтемақы ретінде 3 миллиард доллар талап етті.

Егер сот Apple, Google, Intel, Adobe төрттігін айыпты деп тапса, олардың қызметкерлер алдындағы өтемақысы үш еселеніп, 9 миллиард долларға жетуі мүмкін.

Сол үшін Apple, Google, Intel, Adobe басшылығы қазір 64 мың арызданушыға 415 миллион долларды теңдей бөліп беріп, істі жылы жабуға тырысуда.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу