Мемлекеттік комиссия «EXPO-2017» логотипін бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік комиссия «EXPO-2017» логотипін бекітті

26.07.2013
Мемлекеттік комиссия «EXPO-2017» логотипін бекітті
 
 
ЭКСПО-ның жаңа логотипі бекітілді. Бұл шешім бүгін Премьер-Министр төрағалығымен өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жөніндегі мемлекеттік комиссиясының кезекті отырысында қабылданды.
 
Дауыс беруге ұсынылған 7 түрлі логотиптің ішінен таңдалынған жаңа «Жел энергиясы» логотипі енді халықаралық көрменің көркін ашпақ.
 
Естеріңізге сала кетейік, отандастарымыз 9-шы және 22-ші маусым аралығында танымал ғаламтор ресурстары мен әлеуметтік желі арқылы жаңа логотипті таңдауға атсалысқан еді.
 
Гүлбағда ҚАЙРАТҚЫЗЫ
                                                         

Хабарламаларға жазылу