«EXPO-2017 Astana» журналының алғашқы саны жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EXPO-2017 Astana» журналының алғашқы саны жарық көрді

27.05.2013
«EXPO-2017 Astana» журналының алғашқы саны жарық көрді
«EXPO -2017 Astana» журналының алғашқы саны жарық көрді, деп хабарлады ҚазТАГ ақпараттық агенттігі.
 
«Журналдың алғашқы саны шықты. Таралымы – мың дана. Енді журналды 2 айда бір рет шығару жоспарлануда», - деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының басшысы Кенжеболат Жолдыбай баспасөз мәслихатында.
 
Журналдың бас редакторы Қуат Әуесбайдың айтуынша, журналдың басты мақсаты - EXPO-2017 көрмесі туралы ақпарат тарату.
 
«EXPO -2017 Astana» журналы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығады.
 
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы халықаралық EXPO көрмесі  «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен Астанада өтпек.

Хабарламаларға жазылу