«Таңшолпан» Ғаламторға тәуелділіктен қалай арылуға болады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» Ғаламторға тәуелділіктен қалай арылуға болады? (ВИДЕО)

12.01.2017
«Таңшолпан» Ғаламторға тәуелділіктен қалай арылуға болады? (ВИДЕО)

Ғаламтордың пайдасы көп. Алайда, зияны да жетерлік. Қазіргі таңда балалар, жастар, тіпті үлкендер де ғаламторға тәуелді. Осыдан қалайша арылуға болады?

«Қазіргі таңда балалар ғаламтордың зиянын түсінбейді. Көздің көру, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, ашушаңдық, ұйқысыздық – осының бәрі ғаламтордың теріс жақтары. Ең бірінші арылуды ата-ана өзінен бастау керек. Себебі, бала ата-анадан көргенін істейді. Сондықтан, ғаламторды пайдаланудың өзінің тәртібі болуы тиіс. Ата-ана мен баланың арасында диалог болуы керек. Оларды үй шаруасына, еңбекке, білімге баулу арқылы осындай тәуелділіктен арылуына көмек беруге болады», - дейді психолог маман Кәмила Асыпқызы.

 

«Таңшолпан»

Хабарламаларға жазылу