Павлодар қаласында өткен жылы 11 азамат интернет алаяқтардың құрығына түсіп, полицияға өтініш жазған. Ал осы жылдың қаңтар айында тағы екі тұрғын тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Қазіргі таңда алаяқтықтың бұл түрі белең алуда. Төмен бағамен тауар ұсынатын интернет дүкендер көбейіп кетті. Адамдар оларға хабарласып, кейін тауар үшін алдын ала төлем енгізуді сұрайды. Кейін сайт бұғатталып, алданған халық шағым түсіре алмайды. Мәселен, қаңтар айында екі оқиғадан келген шығын көлемі 25 және 70 мың теңгені құрады. Бірінші жағдайда заттарға, ел екіншісінде ұялы телефонға тапсырыс берілген», - дейді Павлодар қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Асқар Шоман Рavlodarnews.kz.