Гаджеттер несімен зиянды ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гаджеттер несімен зиянды ?

04.09.2015
Гаджеттер несімен зиянды ?

Орта есеппен алғанда адамдар өздерінің ұялы байланыс құралдарын күніне 140 рет тексереді, телефонмен шамамен күніне 147 минут сөйлеседі. Әрбір 90 секунд сайын смс-хабарламаларға жауап береді. Ал, ұялы байланыссыз қалып, қоршаған ортамен байланыстан айырылу қаупі номофобия сияқты сырқаттың туындауына себеп болып отыр.  

Қазіргі таңда әлемде ұялы байланыс құрылғыларының саны тіс жуатын щеткадан да көп көрінеді, шамамен 6 миллиард дана. Олардың төрттен бірі интернетті белсенді пайдаланады.  Ұялы байланысты тіпті ақшадан да қымбат деуге болады. Өйткені әмиянын жоғалтқан азамат оны орташа алғанда 6 сағаттан соң анықтайды, ал ұялы байланыс құралын жоғалтқанын 68 минуттан соң-ақ біледі.

Адамдар сонымен қатар, мәліметтерді таратуға көп көңіл бөледі. Мысалы Ұлыбританияда адамдар телефон арқылы әңгіме мен смс-хабарламаларға уақыттарының 30 пайызын жұмсайды, қалған уақыт интернет-қызметтер мен желілерді пайдалануға жұмсалады, деп жазады интернет басылымдары.   

 

 

Хабарламаларға жазылу