Ғаламторсыз адам өмірін елестету өте қиын. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90 пайызға жуығы ғаламторды қолданады. Яғни, ғаламтордың маңызы зор.
Бүгінгі таңда бұл желі жастардың ғана емес ересектердің айырылмас серігіне айналды. Оның пайдасы іздеген дүниеңді оңай табасың, үнемі ақпараттар ағынын назарда ұстайсың. Дегенмен, интернеттің зияны жоқ емес. Алдымен, тәуелділік.
Интернетке бір кіргеннен кейін түбегейлі шығып кету оңай емес. Әлеуметтік желілердің адамды еліктірер небір қызығы монитор алдына жіпсіз байлайды. Денсаулыққа тигізер кесірін былай қойғанда, уақыт ысыраптайсыз, әрі ғаламтордағының бәрі – шындық емес.
Қазіргі бүлдіршіндердің интернетке тәуелділігін қалай жоюға болады? Ғаламтордың бала санасына әсері турасында бүгін 21:05-те «Айтуға оңайдан» біле аласыздар.