Любицтің компьютері үйінде жүргізілген тінтуден кейін құзырлы органдарға тапсырылған. Ал, таяуда франциялық құтқарушылар құлаған «Аэробустың» екінші қара жәшігін тапқан еді.
Билік өкілдері борттағы өздігінен жазатын құрылғы трагедияның нақты себебін анықтауға көмектеседі деген үмітте.
Тоғыз күннен кейін табылған бұл аппарат ұшудың техникалық деректерін жазып отырған.
Ал, бірінші қара жәшік апаттан кейі бірден анықталған еді. Ондағы мәліметтерге қарағанда, екінші пилот Андреас Любиц әуе көлігін қасақана құлатып, борттағы 149 адамды мерт қылды.
Мадина МҰҚАНОВА