Қызылордада «IT-IMAQORDA» балалар технопаркі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «IT-IMAQORDA» балалар технопаркі ашылды

30.01.2019

Бұл «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ сыныптар» жобасы аясынд жүзеге асып отыр. Робот құрастыру, StartUp жобаларды жасау, 3D форматында сурет салу, анимациялық мультфильм түсіру секілді сандық технологияға негізделген дүниелерді енді балалар өздері істейді. Орталықта 12 түрлі үйірме бар. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау үшін барлық жағдай жасалған.

Раушанбек Сариев, «IT-IMAQORDA» балалар технопаркінің бөлім басшысы:

- 150 бала қатысады. Ал, жас санына келетін болсақ, 9 жастан 16-17 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қатысады.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу