Халықтың цифрлық сауаттылығы артты
Биыл 9 миллион қазақстандық электрондық мемлекеттік қызмет алған. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бірінші жылының қорытындысын жариялаған жауаптылар осылай деді. Халықтың цифрлық сауаттылығы артқан. Бұл – бір. Екіншіден, мемлекеттік қызметтің 80 пайызы электрондық түрге көшкен.
Ендігі мақсат – жеке бизнес секторын цифрландыру. Дөңгелек үстелге жиналған сарапшылар осы бағытта өз пікір-пайымдарын ортаға салды. Нақтырақ айтсақ, «сандық технологияларды енгізу есебінен қазақстандық кәсіпорындар қандай тиімділік өсуін көрсете алады? Өнеркәсіптерде сандық технологиялардың енгізілуін не тежейді? Үкімет тарапынан қандай қолдаулар бар?» сынды өзекті мәселелер күн тәртібіне енгізілді.
Серік Есембаев, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:
- Жалпы, жеке сектордың бүгінгі цифрландыруына кедергі болатын басты факторлар - интернеттің аз таралуы, мамандардың жетіспеушілігі, цифрландыруға қажетті қаражаттың аздығы. Негізгі осы 3 фактор кедергі.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
