«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастама қазір жан-жақты насихатталып жатыр. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілдері мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары бүгін Ұлттық ұлан әскерилері мен қызметкерлеріне электронды қолтаңба арқылы әртүрлі мемлекеттік қызметтерді тұтынудың тетіктерін түсіндірді. Мұндағы басты басымдық - уақыт үнемдігі мен қаржылай шығынды азайту, қағазбастылықтан арылту болып табылады. Сондықтан, бұл шара бір ай көлемінде еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылмақ.
Расул Медетов, Мемлекеттік қызмет көрсету департаменті директорының орынбасары:
- Біз өткен аптада Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратынан бастадық. Бүгін Ұлттық гвардиядан бастап отырмыз. Мақсатымыз - осы іс шараны барлық облыстық деңгейде жүзеге асыру.
Елдос САПАРҒАЛИ