«Цифрлық дәуір: адам капиталы және тележурналистика» атты конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Цифрлық дәуір: адам капиталы және тележурналистика» атты конференция өтті

01.03.2018

Телеарналар мен радиоларда Елбасы Жолдауындағы өзекті ойлар кеңінен насихатталуы тиіс. «Цифрлық дәуір: адам капиталы және тележурналистика» атты конференцияда осындай ой айтылды. Биыл - Қазақ телевизиясына 60 жыл. Басқосуда ардагер журналистер, ғалымдар электронды ақпарат құралдарының бүгіні мен ертеңі жайлы өз ойларын ортаға салды. Қазақ радиоларындағы хабарлар сапасын арттыру, ұлттық өнер туындыларын көбірек беру жайлы ұсыныс айтылды. «Тілшілер ізденуден талмай, тың технология мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланса»,- дейді аға буын журналистер.

Кенжеғали Жұмағұлов,  журналист, Еуразия Ұлттық университеті «Еуразия» ақпарат орталығының директоры:

- Жолдауға байланысты қаншама ойлар, мәселелер көтеріліп жатыр. Соны терең зерттеу – қазіргі тележурналистердің қолында. Екіншіден, телеэкрандарда экономикалық, саяси терең бағдарламалар, публицистикалық шығармалар берілу керек.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу