Полиция департаментінің басшыларын әкімдер тағайындап, оларды қызметінен босату құзырына ие болуы мүмкін. Бүгін Мәжіліс депутаттары Ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге қатысты түзетулерді бірінші оқылымда қарап, мақұлдады. Бұрын полиция басшыларын тағайындау құқығы тікелей министрде болған. Осы арқылы әкімдерге полиция органдарының құқықтық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін қою көзделуде. Жаңа заңға сәйкес, Ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметі біріктіріліп, Полиция департаменті құрылады. Сол департамент басшысы жылына бір рет әкім мен xалық алдында есеп беруі тиіс. Сондай-ақ, әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды 3 сағаттан бір тәулікке дейін ұстау мерзімі ұлғаяды. Құжат «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның» жергілікті полиция қызметін құру бойынша 30-қадамын орындау мақсатында әзірленген.
Индира БЕГАЙДАР