Экологиялық мәселелер ғарыш жүйесі арқылы шешіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экологиялық мәселелер ғарыш жүйесі арқылы шешіледі

21.04.2016
Экологиялық мәселелер  ғарыш жүйесі арқылы шешіледі
Шаһар басшысы Бауыржан Байбектің айтуынша, қыруар қаржы ғылыми-техникалық үдерісті іліп әкететін, әрі инновацияның игілігін ілгерілететін кәсіпкерлерге беріледі. Себебі, инновация дамыса, халықтың интернетке қолжетімділігі артады.

Сондықтан, алдағы уақытта Алматының саябақтары мен тұрғындар демалатын орындарында Wi-Fi желісінің 20 нүктесі орнатылмақшы. Сондай-ақ, тағы да әріптестік аясында «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясымен меморандумға қол қойылды.

Аталған құрылым пайдаланылмай жатқан жерлер мен құрылыс жұмыстары, көлік кептелісі және экологиялық мәселелерге сараптама жасайды.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу