Бүгін Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі Кеңес мүшелерімен кездесті. Кеңес құрамында әлемдегі беделді қаржы құрылымдарының жетекшілері бар. Кездесуде әлемдік тәжірибе негізінде құрылған Орталықтың алда тұрған қызметі әңгіме өзегі болды.
Нұрсұлтан Назарбаев, бұл жобаның елде жүзеге асырылып жатқан реформалар аясында құрылғанын атап өтті. Бастысы – қазіргі жаһандық дағдарыстан шығудың жолы және ел экономикасын әртатараптандыру, инновацияға бет бұру. Келер жылдың күзінде Орталық компаниялардың алғашқы легін қабылдауға әзір болмақ.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ