Көкшетаудағы кондитерлік өнімдер шығаратын серіктестік өнім түрлерін 40-қа жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаудағы кондитерлік өнімдер шығаратын серіктестік өнім түрлерін 40-қа жеткізді

26.03.2016
Көкшетаудағы кондитерлік өнімдер шығаратын серіктестік өнім түрлерін 40-қа жеткізді
Серіктестік барлық солтүстік аймақты және орталық Қазақстанды тауарымен қамтып отыр.

Серіктестікте 30 адам еңбек етеді. Олардың біразы жылдың басында жұмысқа орналасқан. Себебі сол уақытта жаңа жұмыс орындары ашылған.
Цехтың круасандары ерекше сұранысқа ие. Бұл жерде ұсынысты қамтамасыз ету үшін барлық жағдай қолға алынған.

Дайын тауар қоймада көп сақталмайды. Күнбе-күн дүкендерге жөнелтіледі. Бұл серіктестікте шығарылған кондитерлік өнімдерге деген сұранысты арттыра түсу үшін ұжым ерінбей еңбек ете бермек.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу