Шығыс Қазақстанда ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау басым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау басым

16.02.2016
Шығыс Қазақстанда ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау басым
Бүгінде Жарма ауданында 500-ге тарта жаңа жұмыс орны пайда болды.

Шығыс Қазақстандағы Жарма ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы іске асқалы 400-ден астам адам мемлекеттен жеңілдетілген несие алған.

Нәтижесінде, өңірде жеке ісін бастап кәсіпкер атанып қана қоймай, ауылдастарын жұмыспен қамтығандардың қатары көбейді. Ауданда 500-ге тарта жаңа жұмыс орны пайда болды.

Тиімділігін көрсеткен бағдарлама аясында кәсіп ашамын, деген ауылдағы ағайыннан өтініш әлі де көптеп түсіп жатыр.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу