Инвестициялық сайт 12 тілде қызмет көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвестициялық сайт 12 тілде қызмет көрсетеді

07.12.2015
Инвестициялық сайт 12 тілде  қызмет көрсетеді

Инвестициялық сайт 12 тілде  қызмет көрсетеді

Қазақстанға шетелдік инвесторларды молынан тарту мақсатында ашылған invest.gov.kz сайты қазір 12 тілде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы бүгін «KAZNEX INVEST» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Қарманов айтты

Оның айтуына қарағанда еліміздің ең басты инвестициялық сайты әлемдік агенттіктердің тәжірибесіне сүйене отырып қайта жаңғыртылған. Жаңа сайт өткен жұма күні іске қосылды. Қазір сайт қазақ, орыс, ағылшын, түрік, корей, жапон, қытай, француз, неміс, испан, итальян, араб тілдерінде ақпарат ұсынады. Сайттың мобильді нұсқасы да әзірленіп жатыр.

Дегенмен, еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін насихаттайтын сайтты жетілдіру, оны танымла қылу күн тәртібінен түспек емес. Өйткені, 2010 жылдан бері бұл сайтқа кірген адамдардың саны 670 мыңнан енді ғана асқан. Алайда, олардың 116 мыңы тек 2015 жылы сайттағы ақпараттарды қарапты. Ал, сайт арқылы нақты өтініш жасап, инвестиция мәселесін қызықтағандар саны 487 екен. Бұл өтініштердің 115-і биыл жасалған.

Жалпы, ел экономикасына инвестиция тарту бүгінде өзекті болып тұр. Ал, бұл мақсатта интернет ресурстарын қолдану қалыпты жағдай. Сайт арқылы Қазақстан экономикасының түрлі салаларына инвестиция тарту бұдан былай жақсара түсуі бек мүмкін.


Kaznews.kaztrk.kz
фотолар strategy2050.kz және gettyimages.com сайттарынан алынды

Хабарламаларға жазылу