«Нұрлы жол» - бүкіл экономикаға игі ықпалын тигізіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жол» - бүкіл экономикаға игі ықпалын тигізіп отыр

18.11.2015
«Нұрлы жол» - бүкіл экономикаға игі ықпалын тигізіп отыр
«Нұрлы жол» - бүкіл экономикаға игі ықпалын тигізіп отыр

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында дағдарысқа қарсы шара ретінде кең ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Сол арқылы елде қосымша жұмыс орындары ашылып, тұтастай ел экономикасының дамуына игі әсер етуде.

Бағдарламаның басты мақсаты – елге жаңа инвесторларды тартып, Қазақстанда «Еуразиялық трансконтинентальды дәліз» мультимодальды көлік дәлізін дамыту арқылы көлік-логистикалық хабін қалыптастыру.

Аталмыш мақсатқа жету үшін елдің шығыс және батыс қақпаларын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. 2015 жылдың шілдесінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағынан құрғақ портының алғашқы бағыты ашылды. Бүгінгі таңда 90-нан астам темір жол порттары қайта өңделген. Сонымен қатар, Ақтау айлағының солтүстік бағытын кеңейту жұмыстары жалғасып, Құрық паромды кешенін салу жұмыстары жүріп жатыр.

Бұған қоса, автожол саласын дамыту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасында 2020 жылға дейін 11 жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Биылғы жылы республикалық бағыттағы автомобиль жолдарын дамыту үшін 302,2 млрд теңге бөлінді. Оның 178 млрд-ы Ұлттық қордан алынып отыр.




Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу