Ақтөбелік Мұхамбетәли Қойшыбаев ешкі сүтінен қымыз дайындайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік Мұхамбетәли Қойшыбаев ешкі сүтінен қымыз дайындайды

09.11.2015
Ақтөбелік Мұхамбетәли Қойшыбаев ешкі сүтінен қымыз дайындайды
Бұл кәсіпті тиімді табыс көзіне айналдырған Мұхамбетәли Қойшыбаев қорасындағы ешкі санын 100-ге жеткізіп, тәулігіне 50 литр табиғи, таза сусын шығаруда.

Мұхамбетәли ешкі өсіруді 10 жыл бұрын қолға алған. Қазір оның қорасында голландтық заанин, африкалық нубийка және орыстың сүтті ешкілері бағылуда. Мұхамбетәли қымыз дайындау әдісін Башқұртстаннан үйреніп келген. Қазір оның өнімдеріне сұраныс артуда.
Қожалық басшысы алдағы уақытта шекшек ата тұқымын 500-ге жеткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, ерекше сусынды тек Ақтөбе облысына ғана емес, басқа өңірлерге де шығару жоспары бар.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу