Қару-жарақ пен әскери-техникалық жабдықтардың IV Халықаралық KADEX-2016 көрмесіне Қазақстанда жасалған торпедалар да қойылады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін өнеркәсіптер көрмеге өздері жасаған бірқатар өнімдерін қоймақшы. Солардың қатарында, «С.Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ шығарған торпедалар да бар.
Нысананы өзі «іздеп» табатын торпеда кемелер мен жағалаудағы нысаналарды жоюға арналған. Қазақстандық зауыт шығарған бұл өнім қару-жараққа қойылатын заманауи талаптарға жауап береді. Торпеданың тактикалық-технологиялық сипаты мен оның жасауда инновациялық техологияларды қолдану бұл өнімге қызығушылық туғызуы мүмкін.
Торпедаға отын ретінде керосин, оттегі және су пайдаланылады. Яғни, торпеда суда із қалдырмайды. Әрі жылдамдығы да бірқалыпты сақталады, алысқа жетеді. Мамандар жаңа қарудың мүмкнідіктерін жоғары бағалап отыр.

Kaznews.kaztrk.kz