Астанада отандық киімдер дүкені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада отандық киімдер дүкені ашылды

14.03.2016
Астанада отандық киімдер дүкені ашылды
Дүкенде қыз-келіншектерге арналған отандық белгілі брендтердің киім-кешектері сатылады.

Бұдан бөлек сауда орнында стиль зертханасы да жұмыс істейді, яғни ол жерде әр адамның дене бітіміне сай киім тіккізуге мүмкіндік бар. Жоба жетекшілері дүкен барша қыз-келіншектердің сүйікті орнына айналатынына сенімді.

Малика ҚАЛҚАМАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу