Жамбылда шығатын жылыту радиаторларына сұраныс мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда шығатын жылыту радиаторларына сұраныс мол

10.11.2015
Жамбылда шығатын жылыту радиаторларына сұраныс мол
Жамбыл облысында жуырда ғана ашылған зауыт күніне 1 мың жарым дана жылыту батареяларын шығарады.

Импортты тежеген өндіріс. Жамбыл облысында осыдан бір ай бұрын ашылған зауыт 100 мың дана жылыту радиаторын шығарып үлгерді. Таразға арнайы барғанда Мемлекет басшысы осы кәсіпорынның тынысымен танысқан еді.

Содан бері ұжымның тынымсыз тірлігі саябырсыған жоқ. Керісінше, ел бойынша сұраныс еселенгендіктен, күніне 1 мың жарым дана жылыту батареяларын шығарып жатыр.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу