Еліміздегі балалар арасында неврологиялық аурулардың көбеюінің себебі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі балалар арасында неврологиялық аурулардың көбеюінің себебі неде?

14.07.2019

Еліміздегі балалар арасында өкінішке қарай, неврологиялық аурулар көбейді. Тұқым қуалаушылық пен туабітті потологиялар да азаяр емес. Мұның себебі неде? Осы аптада Елордада балалар нейрохирургтарының еуразиялық қауымдастығының ІІ съезі өтті. Онда 15 мемлекеттен 250-ден астам маман келіп, осы сауалға жауап іздеді.  Өйткені бастың, мидың, жұлынның ісіктері, омыртқаның жарақаттануы мен ми қан тамырларының аурулары әлемді алаңдатып отыр. Ең өкініштісі – балалар арасында күрделі ауру түрлері көп. Бүгінде жаһандық медицина диагнозды анықтау мен ауруды емдеудің түр-түрін тәжірибеге енгізіп жатыр. Сол себептен әр елдің мамандары осы съезде өз тәжіриебелерімен бөлісіп, пікір алмасты.  

 

 

Хабарламаларға жазылу