Қазақ журналистикасы: кеше және бүгін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ журналистикасы: кеше және бүгін

30.06.2019

Қоғамда «төртінші билік» атап жүрген журналистер қауымы бұдан былай жеке-дара өздерінің төл мерекелерін атап өтеді. Осы апта Үкімет «28 маусымды бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» етіп  бекіткен арнайы қаулы шығарды. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін арнайы қаулымен бекіту туралы тапсырмасы негіз болды. Президент твиттер желісіндегі парақшасында «Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамды дамытудағы аса маңызды рөлін ескерсек, бұл өте әділ шешім болады» деп жазған еді. Сондықтан биыл әріптестеріміз өздерінің су жаңа ресми мерекелерін алғаш рет атап өтті. Осы күнге дейін нақты әлеуметтік мәртебесі болмаса да, көбінің қалтасы жалақыға толмаса да қазақ журналистері қаламына адалдығынан айнымай келеді. Жалпы үлкен өзгерістер дәуіріндегі отандық журналистиканың беталысына әріптесім Ержан Қалымбайұлы шолу жасап көрген. Назарларыңызға ұсынамыз.  

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу