Маусымның 22-сі Елбасының ел мүддесі үшін қызмет ете бастағанына отыз жыл толды. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан бері ширек ғасырдан аса елі үшін еселі еңбек етіп келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде жаһан құрметтейтін ұлы тұлғаға айналды. Мерейлі датаға орай, Алматыда үлкен халықаралық жиын өтті.
Алматыда Қазақстан-Британия техникалық университетінің алдында Елбасының кейінгі ұрпаққа жазып кеткен аманаты – «уақыт капсуласы» қаланды. Алматы жастарымен кездесіп, өсиетін айтқан Назарбаев «Қазақ барда, Қазақстан да қала беретініне» сенім білдірді. Елбасы елдің ертеңгі иелері жастарға «Қазақстан-2050» стратегиясын орындап, озық 30 елдің қатарына қосылуды аманат етті. Тұңғыш президенттің кейінгі ұрпаққа үндеуінде не жазылғанын 30 жылдан кейін білерміз.