Мамандықты таңдау - маңызды іс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандықты таңдау - маңызды іс

16.06.2019

Жыл сайын еліміздің еңбек нарығына 300 мыңға жуық жас маман қосылады екен. Алайда, бәрінің бірдей жайы оңалып, айы оңынан туып тұрған жоқ. Дерек бойынша, диплом алып жадырап шыққан жас мамандардың 40 пайызы жұмыс таппай жұқарып жүр. Ал өз мамандығы бойынша кәсіп іздеп, түйіндеме таратып жүргендер  35 пайыздың шамасында.  Неге?  

 

Жалпы, қазақ жастары оқуға, тоқуға ықыласты. Бір дипломға қанағаттанбай, қалта көтеріп, қаржысы жетсе, шет асып білім алуға тырысады. Құп қой. Бірақ, бәрі сот, бәрі прокурор, бәрі банкир болғысы  келеді. Әлбетте, әркімнің армандауға, мақсат қоюға қақысы бар. Дегенмен, мәселе көкірегінде сәулесі бар жастарда емес, оларды дұрыс бағыттай алмай отырған білім саласында секілді. Себебі, біздің елде қай жерге, қандай мамандық керектігі алдын ала зерделеніп, жүйелі жоспар жасалмайды. Салдарынан жалындап тұрған жас оптимист мамандар жұмыс таппай жігері мұқалады, меселі қайтады. Немесе дипломы нарыққа керексіз болып қалады.

 

Сонымен, қазіргі заманға қандай кадрлар қажет? Жас түлектердің қай мамандықты таңдағаны жөн? Жастарды жұмыспен қамту үшін Үкімет не істеп жатыр? Сан сауалға әріптесім Армангүл Тоқтамұрат жауап іздеді.

 

Хабарламаларға жазылу