Президент Бішкекте өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Бішкекте өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты

16.06.2019

Президент қызметіне ресми кіріскен күннің ертесіне Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке ұшып кетті. Қырғыз астанасында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті.

 

Кілең саяси элита алдында жаңа Президент жаңа бастамалар ұсынды. Мәселен, аймақтағы кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұйым жанынан орталық ашу қажеттігін айтты. Бұл өңір үшін өте өзекті мәселе және дер шағында көтеріліп отыр. Бұған дейінгі саммиттерде тараптар көбіне-көп қарулы қақтығыстар мен елдер арасындағы кикілжіңдер талқыланатын.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл самиитте қоршаған ортаны қорғау және ұйымның экономикалық әлеуетін арттыру бағыттарына үлкен мән берді.

 

Бішкектегі басқосудан бөлек мемлекет басшысы Қырғызстан, Ауғанстан Президенттерімен және Қытай Халық Республикасының төрағасымен екіжақты кездесулер өткізді.

 

Сонымен, көпжақты келісімдердің келешегі бар ма? «Шанхай сегіздігінен» не күтуге болады? Саммиттен ақпарат тарату үшін Бішкекке әлемнің әр түкпірінен бес жүзден астам БАҚ өкілі барған.Олардың ішінде ұлттық арнаның да тілшілері бар. Ендеше, саммитте көтерілген салмақты дүниелерге тоқталсын.

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу