Осы аптада Мәжілісте ет және сүт өнімдерін экспорттау бойынша парламенттік тыңдау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Мәжілісте ет және сүт өнімдерін экспорттау бойынша парламенттік тыңдау өтті

26.05.2019

Әлемде жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын елімізге былтыр екі мың тоннадан астам жылқы еті импортталған. Етті былай қойғанда, сүттің өзін тасып ішетін болдық қазір. Онымыз құстың сүті болса бір сәрі. Ел экономикасының драйверіне айналады деген ауыл шаруашылығы саласы қазір осылай екі иығынан дем алып, демігіп тұр.

Былтыр 191 мың тонна құс етін шетелден сатып алдық. Жауаптылардың бұған айтар уәжі – Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы үшінші елдерден құс етін әкелуге болады делінген квота. 2016 жылы 900 тонна жылқы еті импортталса, былтыр бұл көрсеткіш 2,5 есеге өсіп, 2 мың тоннаға жеткенін әлгінде айттық. Қарап отырсақ, импорт өскен үстіне өсіп барады. Қазір тіпті мегаполистердегі ірі тамақтандыру нүктелері мал етін тек шетелден алдыратын болыпты. Неге? Еліміздегі 181 миллион гектар жайылым жердің 73 миллионы қайтіп деградацияға ұшырады? Шаруалар неге мал бағатын жайылым таппай жүр? Саланың қордаланған мәселелері осы аптада парламенттік тыңдауда талқыланды.

Хабарламаларға жазылу