Өтіп бара жатқан аптада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесін атап өттік. Соғысты тек кинофильмдерден ғана көрген кейінгі ұрпақ үшін оның әкелген зардабы мен азабы жайлы әрдайым еске салып отыру - парыз. Қазір сол алапат соғыс жайлы алуан пікір айтылып, түрлі тарихи бағалар берілуде. Бірақ біз үшін бір анық ақиқат бар: ол - аталарымыздың ұрпаққа үлгі боларлық, жанқиярлық ерлігі мен өрлігі. Назарларыңызға Бауыржан Момышұлының дауысын ұсынамыз.