Оңтүстік Корея Президенті осы аптада мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея Президенті осы аптада мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді

28.04.2019

Елорда мен Алматыда корейлер салған «ақылды» үйлер туралы естігеніңіз бар шығар. Ауласы кең, аумағы ат шаптырым, айналасы түгел алақандағыдай, камерамен күзетіліп, үйдің іш-сырты түгел кнопкамен басқарылды. Бізге жеткен бұл өркениет - Азияның барысы аталатын Оңтүстік Кореяның алпауыт компаниялары салған инвестиция. Игілігін екі жақтың жұрты бірдей көріп отыр. Инвестиция демекші, Қытайдың тауары секілді, жер-жаһанда Корея инвестиция құймаған ел жоқ. Бұл елдің инвестициясы бізге де молынан жеткен. Корейлердің ірі банк, корпорация, компания, сақтандыру мекемелері мен құрылыс компанияларының кеңселері Алматы мен елордада ашылғалы заманауи бизнес жобалар көптеп жүзеге асырылып келеді.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық көрсеткіштер де көңіл көншітерлік. Әсіресе, көлік құрастыру өнеркәсібі кең өркен жайған. Сәтін салса, алдағы уақытта жылына осындай 45 мың дана көлікті бірлесіп құрастыру көзделіп отыр. Қазақ пен корейдің тығыз байланысы, қай секторда болмасын сенімді әрі серпінді дамуда. Қазір бұл ел бізге инвестиция салатын шетелдік мемлекеттердің арасында алғашқы ондықтан, ал Азия елдерінің арасында үздік бестіктен ойып тұрып орын алады.

Қазақ жеріне тың технологияны, озық тұрмыстық техниканы әкелген де - осы корейлер. Есесіне Таңғы шық елінен тағдыр айдап, тауқымет тартқан корейлерге тар заманда қазақтардың талай қамқорлық жасап, бауырына басқанын олар да жақсы біледі. Түсінеді. Өздеріңіз көргендей, осы аптада Кореяның Президенті Мун Чжэ Ин Ақордаға аялдап, Алаштың астанасына алғаш рет мемлекеттік сапармен келіп кетті. Екі елдің Президенттері сапар мәртебесіне сай жасалатын хаттама бойынша келіссөздер жүргізіп, бірлескен мәлімдеме қабылдады. Айбек Қобдабай баяндайды.

Хабарламаларға жазылу