Тұрмысы қоңыртөбел отбасылардың баспана мәселесін шешуге кәсіпкерлер белсене атсалыса бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрмысы қоңыртөбел отбасылардың баспана мәселесін шешуге кәсіпкерлер белсене атсалыса бастады

07.04.2019

Табысы мардымсыз, тұрмысы қоңыртөбел, күйі жұпыны отбасылардың баспана мәселесін шешуге кәсіпкерлер де белсене атсалыса бастады. Мұндай игі қолдаулар аймақтарда байқалады. Алақаны ашық бизнесмендер баспанадан бөлек, отын-су, азық-түлікпен де көмектесіп жатыр.

Яғни, елде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі биліктің нұсқауынсыз, ерікті түрде дами бастағаны көз қуантып, көңіл сүйсінтеді. Осы аптада Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын халыққа түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы Қостанай мен Павлодар облыстарында болды. Оның қорытындылары туралы әріптесім баяндайды.

Хабарламаларға жазылу