Кремль Қасым-Жомарт Кемелұлын Мемлекет басшысына сай құрметпен күтіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кремль Қасым-Жомарт Кемелұлын Мемлекет басшысына сай құрметпен күтіп алды

07.04.2019

Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретіндегі алғашқы ресми сапары болғанымен, Ресей басшысы Путинмен алғашқы жүздесуі емес. Екеуі де дипломатиялық келісім орнаған сонау 92-жылдардан бері саясат сахнасында келе жатқан сыралғы әріптестер.

Талай саяси жиындарда бір үстел басында кездесіп те жүр. Бірақ, бұл жүздесудің жөні бөлек. Кремль Қасым-Жомарт Кемелұлын бұл жолы Мемлекет басшысына сай құрметпен күтіп алды. Сапар аясында президенттер шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізді.

Қос ел сарапшыларыларының пікірін тыңдасақ, бұл сапар екі елдің барлық саладағы ынтымағын одан әрі мығымдауға, күн тәртібіндегі жағдайларды тізе қосып шешуге септігін тигізуі тиіс. Өйткені, кездесу соңында президенттер бірлескен мәлімдеме жасады. Мәлімдеменің қысқаша түйіні мынадай: Қазақстан-Ресей қатынасы екі мемлекеттің ұлттық мүдделеріне сай келеді, Мемлекеттер басшылары қарым-қатынасты нығайта түсу үшін байланыстарды кеңейтуге міндетті.

Ортақ тарихымызды, оның ішінде  Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын бұрмалауды, қайта жазуды құптамайды. Ресми Нұр-Сұлтан мен Мәскеудің терроризм мен экстремизмге, ұлтшылдыққа, трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымына қатысты ұстанымдары да ортақ.

Сирия қақтығысын бейбіт реттеуде де тізе қосып қимылдайды. Сондай-ақ, осы сапар кезінде тараптар бірқатар жілікті құжаттарға да қол қойды. Енді сапардың басы-қасында болған тілшіміз Шынар Асанқызы байыппен баяндап берсін.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу