Мемлекет басшысы Ресей Президентінің көмекшісі Андрей Фурсенконы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің көмекшісі Андрей Фурсенконы қабылдады

31.03.2019

Президент қос елдің ұзақмерзімді дамуы үшін әріптестіктің маңызды екеніне тоқталды. Сондықтан Ресейге алдағы ресми сапары кезінде білім және ғылым саласының өзекті мәселелері талқыланатынын айтты. Әсіресе, білім беру саласына инвестиция салуға баса мән берілмек. Айта кетейік, келер аптада Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен бармақшы. Көшбасшылар кездесуінің күн тәртібінде саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы өзекті мәселелер қамтылмақ.

Хабарламаларға жазылу