Батыстың «Амалы» - татулықтың қамалы. Бұл күні қазақ көріседі, Көрісу бұл көненің желісі еді. Ұлан-ғайыр ұлы даланың батыс аймағы осы апта «Армысың, Амал!» деп әз-Наурызды қарсы алды.
Көнеден келе жатқан Көрісу күні бар сән-салтанатымен, салт-жоралғысымен тойланды. Көрісу-кешіру, келісу - түп-тамыры бірлікке, елдікке жетелейтін, ұлт болып ұйысуға апаратын ұғымдар.
Мысалы, Маңғыстауда маңғаз жатқан тарихи Отпан тауда жағылған от, көтерілген қазан, көңілді шарықтатқан шадыман-думан асқақ рухпен астасты. Бұл күні «Маңдайдан бақ, таңдайдан ақ кеппесін» дейтін халық үшін бұл мереке қыстан есен шығудың, бүгінгі шүкір айтудың, шын мәнінде молшылықтың, қонақжайлықтың көрінісі. Осынау мерекенің ортасында «Апта» тілшілері де болды.
Айнұр ОМАР