Алматының метросына кіретін турникеттердің бірі ашық тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының метросына кіретін турникеттердің бірі ашық тұр

17.03.2019

Осы аптада Алматының метросында «Адал жол» акциясы басталды. Яғни, метроға кіретін турникеттердің бірі қазір ашық тұр. Ол жерден адамдар жол ақысын төлеп немесе ештеңе төлемей өтіп кетуіне де болады. Осы арқылы жолаушылардың адалдығы тексерілмек. 1 айлық акцияда ашық есіктен қанша адамның өткені, олардың қаншасы ақша төлегені анықталады. Нәтиже жақсы болса, барлық бекеттерде бір қақпаны ашып қою жоспарланған.

Алайда, оған халық дайын ба? Елімізде ерікті түрде төлем жасау мәдениеті қалыптасты ма? Жол ақысын төлеу бойынша 4 жыл бұрын енгізілген «Оңай» жүйесі қазір қалай жұмыс істеп жатыр? Ол қабылданғалы көлеңкелі айналымдағы қанша қаржы жарыққа шықты? Жол ақысын төлемей жүрген қанша жолаушы мен төлем ережесін елемей жүрген қанша жүргізушіге айыппұл салынды?

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу