Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары жарияланғалы бері 20 күн өтті. Әлеуметтік саясаттың жаңа бағыттары туралы қарапайым халық естіп-біліп отыр. Ендігі міндет оның дер кезінде орындалуы. Осыған жауапты Үкіметтің жоспары қандай? Құзырлы министрліктерге қандай міндеттемелер жүктелді? Облыс әкімдері бұл бағытта халықпен қалай жұмыс істеу тиіс?
Жергілікті жерлердегі жоспарларды пысықтап, ел-жұрттың пікірін ескеру үшін Елбасының тікелей тапсырмасымен Үкімет өкілдері аймақтарға арнайы жұмыс сапармен аттанды. Вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарын аралап шықты. Жұртшылықпен кездесіп, Президенттің бастамаларын жан-жақты түсіндірді. Жағдайы, тұрмысы қоңыртөбел отбасылардың шаңырағына арнайы барды және азаматтарды жекелеген мәселесі бойынша қабылдады. Батыстағы ағайынның ахуалы қалай? Оларды қандай мәселе алаңдатады?
Ербол МӘНДІБЕК